«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Қарағандылықтар тегін түрде төс безінің УДЗ және маммография жасай алады. Медициналық тексерістен учаскелік дәрігердің жолдамасысыз 20 және 27 қазанда облыстық онкодиспансерде өтуге болады.

Бұған дейін осы секілді екі қабылдау өткен болатын – дәрігерлер 120 емделушілерді тексеріп үлгерген. 
Қарағанды облыстық онкодиспансерде қазанның 6-сынан 27-не дейінгі аралықта әйелдердің денсаулығын қорғау бойынша айлық өтуде. Шара шеңберінде «ашық есік күндер» ұйымдастырылған. 

- Көптеп келіп жатыр. Қуанышқа орай, бізге тексеруден өтуге келген 120 әйелдің ішінен тек біреуінде ғана төс безінің ісігіне күдік пайда болды. Дегенмен осындай шаралар өте нәтижелі. Қабылдау кезінде дәрігерлер әйелдерге бұл дерттің алдын алу туралы айтады. Сонымен қатар 2008-ші жылдан бері Қазақстанда скрининг міндетті түрде өткізіледі. Бұрындары бұл тексеруден 50-ден 60 жасқа дейінгі әйелдер өтетін. Қазір 40 жастан 70-ке дейінгі әйелдер тексеріледі. Скринингтің арқасында биылғы жылы облыста төс безінің қатерлі ісігі 179 әйелде анықталған. Олардың 92% - ол бірінші кезеңдегі қатерлі ісік, яғни күрделі әдістерсіз емдеуге болатын түрі, - дейді профессор Владимир Кулишов. 
Дәрігерлердің айтуынша, алдын алу шараларының арқасында адамдар өз денсаулығына анағұрлым жақсырақ көңіл бөлетін болған. Мысалы, егер осыған дейін емделушілердің көбісі қатерлі ісіктің үшінші немесе төртінші кезеңінде дәрігерге келсе, қазір олардың саны айтарлықтай азайып келеді. Бұған қоса, қазіргі заманғы технологиялардың көмегімен ісіктерді анықтау анағұрлым оңайырақ болып келеді. 
- Егер 20 жыл бұрын біз диаметрі 2 сантиметр ісікті тауып, соны мақтан етсек, енді қазір диаметрі 2-3 миллиметр ісіктерді де табамыз. Сәйкесінше, оларды кесіп алып тастау да оңай, мастопатияны қажет етпейді, яғни органды толығымен кесіп алып тастаудың қажеті жоқ, - деп түсіндірді профессор. 
Мамандар төс безі қатерлі ісігінің алдын алу үшін әйелдер айына бір рет үйдегі жағдайда өзін өзі тексеріп, төсте тығыздық сезілсе, көлемі өзгерсе, қабыршықтар мен жаралар пайда болса, кідірместен дәрігерге бару керек дейді. 40 жастан кейін әйелдерге екі жылда бір маммография жасап, скрининг өтіп отырған жөн.