«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Қарағанды қаласының саңыраулар мәдениет үйі «Сен де біздің бірімізсің» атты есту бойынша мүгедектер арасында өткен халықаралық байқауға қатысты. Әртістер үйлерәне марапаттармен оралды. 
Шығармашылық сайыстар 11-13 қазанда Шығыс-Қазақстан облысының Семей қаласында өтті. Қарағандылықтар облыстық Мәдениет, мұрағаттар және құжаттар басқармасының жәрдемдесуімен барып қайтты. 

Команда құрамында Саңыраулар Мәдениет үйінің көркемөнер үйірмелерінің 19 мүшесі енді. Әртістер төрт номинация бойынша өнер көрсетті: ымдап ән айту (соло), хореография, клоунада, театр. Ымдау және қол қимылы арқылы көрсету халық театры «Хождение по зубу» қойылымын ұсынды. «Меруерт» қол қимылы және ымдап ән айту және би халық ансамблі «Жерім менің» әнін орындап, «Қазақ» және «Сыған» билерін орындады. «Браво» клоундар халық театры «Фотографтар» атты нөмірмен ортаға шықты. 
Байқаудың қазілар алқасы барлық команданың өнерін бағалады. Қарағандылықтар кіші Гран при алып, естелік сыйлар мен ақшалай сыйлыққа ие болды.

Қарағанды облыстық Мәдениет, мұрағаттар және құжаттар басқармасының таратқан ақпараты бойынша