«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайында халықаралық фотокөрме ашылды. Ол Арқайым қалашығының ашылуына 30 жыл толуына және профессор, тарих ғылымдарының доценті, археолог Геннадий Здановичтің 80 жылдығына арналды.


«Арқайым - қалалар мекені: кеңістік және суреттер» экспозициясы көрермендерді «арийлік заттар кешенімен» таныстырады, оны әлемнің көптеген елдерінің археологтары жүз елу жылдан астам уақыт бойы іздеген. 

Фотокөрмедегі стендтерде «Қала елдері» ескерткіштерінің географиялық орналасуы, бекітілген және нашар қоныстанған елді мекендерінің бөлшектенген әуедегі фото суреттерінің материалдары, археологиялық қазба жұмыстарының түрлі кезеңдеріндегі суреттері, он төрт бекітілген елді мекендердің заманауи далалық жағдайы мен жабайы табиғаттың авторлық фотосуреттері келтірілген. 

Көрмені ұйымдастырушылар фотограф, «Аrarat» халықаралық ғылым академиясының корреспондент мүшесі Юрий Зуйков, Еуразиялық жаратылыстану ғылымдары академиясының мүшесі РЖҒА мүшесі, «Аrarat» халықаралық ғылым академиясының корреспондент мүшесі Ирина Журавлева болып табылады.

Көрмені ұйымдастыру идеясы ұйымдастырушыларда өткен жылы, қола дәуіріндегі бірегей археологиялық ескерткіш – Арқайым қалашығының ашылғанына 30 жыл толғанда туындаған. 
Бұл нысанның алғашқы қазба жұмыстары 1987-ші жылдың 17-ші маусымында басталған. Оның ашылуы жаңа синташта-арқайымдық мәдениетті ауқымды түрде зерттеуге бастау салды. Қазіргі таңда, Челябинск облысының аумағында орналасқан Арқайым, Ресейде және шетелдерде танымал мәдени мұра объектісі болып табылады

- Зерттеудің басында-ақ «Қалалар қалашығы» деген термин қалыптасты – ол 20-дан астам Оңтүстік Оралдағы және Солтүстік Қазақстанның бір бөлігіндегі нығайтылған елді мекендер. Біздің Қарағандыдағы фотокөрмеміз Геннадий Борисович Здановичтің 80 жылдығына арналды. Ол Арқайым әлемін ашқан, «қалалар қалашығы» терминін ойлап тапқан. Ол қазбалармен айналысады, Арқайым зерттеулеріне қорытынды жасай отыра, монография жазып жатыр. Сонымен қатар Үлкен Синташта қорғанын қалыпқа келтіруге қатысуда. Көрменің атауы - оның монографиясының атауы. Арқайым - ол «Қалалар мекенінің» бір бөлігі, киелі жер, - дейді көрме ұйымдастырушыларының бірі, фотограф Юрий Зуйков.

Экспозиция барлық жас мөлшеріндегі көрермендер үшін қызықты болмақ. Көрмені тамашалау алдында 1996-шы жылы археолог Геннадий Зданович түсірген 30 минуттық деректі фильмді көруге болады.

Өткен жылы көрме Ресейдің қалаларында болып қайтқан. Осы жылы оны қазақстандық көрермендер тамашалады.

- Бізге Алматыдағы әріптестеріміз қоңырау шалды, осы көрме туралы айтты да, ұйымдастырушылар оны Қарағандыда көрсеткісі келетіндерін жеткізді. Біз ол бастаманы қолдадық. Негізі, қола дәуірі Орталық Қазақстаннан бастау алады. Бізде де Арқайым секілді тарихи мекендер бар – ол Кент, Ақсу-Аюлы, Беғазы... Сондай-ақ Геннадий Борисович Зданович 1972-1976 жылдары Қарағандылық университетте аға ұстаз болып қызмет еткен, - деді облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Ержан Нұрмағанбетов.

Археолог Геннадий Борисович Зданович қазіргі таңда «Арқайым» Челябинск мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының ғылым бойынша директор орынбасары болып табылады.

Көрме Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайында 4-ші қарашаға дейін жалғасады.