«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

13-14 қазан «Астана балет» театрында екі актілі «Жизель» балеті қойылады, музыка авторы - Адольф Адам, хореографияның қоюшы-режиссері - Рикардо Амаранте, сценография мен костюмдер - Рене Салазар. 

  «Жизель» алғаш рет 1841 жылы Париж операсының сахнасында қойылған, бүгінде романтикалық хореографияның шыңы болып саналады. Көрерменнің қойылымға деген махаббаты сондай, 18 жылда Парижде «Жизель» 150 рет қойылған.  Бұл сұлулық бүгінде әлемнің көптеген елінің сахнасында қойылуда. Спектакльде байырғы ғажайып сюжеттің жаңа қыры ашылады. Романтизм шыңы саналатын осы спектакль-аңыздың тек биік рухы мен поэтикалық өрнегі ғана өзгеріссіз қалды. Теофил Готье жазып алған көне аңызға сай, сүйіктілері көзіне шөп салған, тұрмысқа шықпаған қыздар виллистарға айналады екен. Түнде, көрінен көтерілген виллистар қыршыннан қиылған өмірлері үшін кек алады. Алдына кездескен ер адамды биге шақырып, ажал құштырады. Шаруа қызы Жизель де солардың біріне айналды. Оның жарық әрі әсем әлемі шайқалғанда, қыз бала қорлыққа шыдамай, сүйіктісі граф Альберт теріс айналғанын біліп, құсадан қайтыс болды. Қателігін түсінген Альберт оның бейітіне келіп тұрады. Жизельдің моласында виллистардан ажал құшатыны анық. Алайда, Жизельдің махаббаты мен кешірімінің арқасында граф аман қалады. Альберт тірі қалғанымен, баянсыз махаббаты жайлы ой жүрегіне мәңгі сызат түсіреді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz/kz/news/news/15884