«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Астана қаласында ауылшаруашылық жәрмеңкелерді өткізудің бекітілген кестесіне сәйкес 13-14 қазанда Астана қаласында Мұнайтпасов көш., 9 бойынша орналасқан «Қазақстан» СК автокөлік қоятын алаңында Павлодар облысының ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің қатысуымен жәрмеңке өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Ауылшаруашылық жәрмеңкеде облыстың барлық өңірлерінің 100-ден астам қайта өңдеуші кәсіпорындар мен ауылшаруашылық құрылымдары қатысады, олар 150 млн. теңге сомасына 541 тонна көлемінде өнім әкелінеді, оның ішінде облыста өндірілетін 55 тоннадан астам ет және ет өнімдері, 220 тонна картоп, 120 тонна көкөніс және 146 тоннадан астам ауылшаруашылық өнімі. Өткен жылдардың тәжірибесі бойынша павлодарлық тауар өндірушілердің өнімі астаналықтар тарапынан үлкен сұранысқа ие және жәрмеңкені ұйымдастыру кезеңінде әкелінген тауарлар толығымен өткен. Республикаға және шет жерлерде танымал бренд «Рубиком» ЖШС, «КЭММИ» ЖШС, «Сағып» ШҚ, «РЭГТайм» ШҚ, «Крендель» ЖШС, «Зерноград» ЖШС, «Галицкое» ЖШС, «Шарбақты Құс» ЖШС, «Қызылжар-Құс» ЖШС, «Победа» ЖШС, «Ақтоғай Агро» ЖШС сияқты кәсіпорындар өзінің өнімін ұсынады. Павлодарлық кәсіпорындар қала тұрғындарына азық-түлік өнімдерінің кеңейтілген ассортиментін ұсынады. Сонымен қатар, жәрмеңкеде «Шаңырақ» мәдени-сауықтық орталығының ұжымдары мерекелік бағдарлама ұсынады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz/kz/news/news/15887