«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

12-13 қазанда Астанада «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы өтеді. Биыл онда ел бойынша 153 компания қатысуда, оның ішінде 9 қарағандылық компания. 
Дәстүр бойынша марапаттау үш номинация бойынша өтеді: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар», «Халыққа арналған үздік тауар» және «Үздік азық-түлік тауары».
Әр санатта Қарағанды облысын үш компания ұсынады. Өндірістік мақсаттағы үздік тауар аталымында «Maker» ЖШС - құю-машина жасау зауыты, «Recycling Company» қоқыс өңдеу зауыты мен металлургия және кен шахталарының жабдықтарына бөлшектерді өндірумен айналысатын «Инкар - I» зауыты өз бақтарын сынайтын болады. 

«Халыққа арналған үздік тауар» атағына «Қарағанды фармацевтикалық кешені», «КазПласт» ЖШС және Galex Plus Саран тігу фабрикасы таласуда.

«Үздік азық-түлік тауары» номинациясына сүт өнімдерін өндірумен айналысушы - «Ren-Milk» ЖШС, заманауи технология бойынша макарон өнімдерін шығарушы «Жагипарова МК» ЖК және «Қарағанды Құс» құс фабрикасы қатысуда.

Сайыс 12-13 қазанда Астанадағы «Көрме» көрме орталығында өтеді. Көрме аясында «Атамекен» ҰКП шағын кәсіпкерлерге арналған «Бизнесті құтқару қызметі» пилотты жобасының тұсау кесері өтеді.
Сондай-ақ келушілерге отандық өндірушілер киімдерінің көрсетілімі, шеберлік сыныптар мен сыйлықтар ұтысы ұсынылады.