«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Көрмеге Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінің 14 жас суретшісінің туындылары қойылған, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

«Перезагрузка. Оптимизация пространства» атты көрме «Astana Art Show» жобасының аясында өтуде. Көрменің ұйымдастырушысы «ARTtop» қазіргі заманғы өнерді қолдау қоры.

Экспозицияның салтанатты ашылуы «Москва» БО-ның құрылысы толық аяқталмаған залында өтті. Интерьері толық аяқталмаған зал көрмеге контраст беруде: өткен шақ алыс, басқа уақытта және мағына өрісінде, жаңа көк тіреген ғимараттар фонында басқа өмір, ал «жаңа адамдар» өзге тарих жасауда.

Көрме барысында суретшілермен кездесулер, ашық дәрістер, кураторлық экскурсиялар ұйымдастырылды. «Бұл көрме жадыны зерттеу және қайта ойлау, қажетсіз «жүкті» түзеуге әрекет, заманауи өнерде жаңа тақырыптар мен пайымдар іздеу, бір адым алға жылжығу талпыну. Суретшілерді тек жастық және географиялық ценз ғана емес, сондай-ақ, әлеуметтік, тарихи және мәдени кеңістік байланыстырады. Сондай-ақ, жұмыстарда ғылым, философия және психоанализ бойынша бірқатар мәселелер қаралады», - дейді экспозиция кураторы Айгүл Ибраева.

Оның сөзінше, қазір жас суретшілер жаңа заман медиа саласында жұмыс істей отырып, соңғы трендтерді де ұмытпайды, өздерінің жұмыстарын заманауи тұрғыда жасай отырып, ұлттық болмысы мен салт-дәстүрлерін жоғалтпайды.

«Ұсынылған жұмыстар жалпы контексте индивидтің талдау қажеттілігін» біріктіреді, оның ойлауы, жады - қоғамды қазіргі заман тұрғысынан зерделеуінде, қалай көрсететіндігінде», - деп түсіндірді А. Ибраева.

Мысалы, Тәжікстаннан келген суретші Фарух Кузиеваның «Медиа казан» видео инстализациясында ұлттық тағамның құрамы таныстырылды. Өнер иесі өзінің аталмыш еңбегінде палауды қалай жасау керектігін және палау Тәжікстан Республикасының мәдени мұрасы екендігін айтуда.

Сондай-ақ, көрмеде Жазгүл Мадазимова, Айгерім Мажитхан, Аружан Жұмабек, Зоя Фальково, Александр Барковсктың және басқа да жас суретшілердің шығармашылығымен танысуға болады. Көрме осы жылдың 20-шы қазанына дейін жалғасады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz/kz/news/news/15275