«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Ертең 12 мамырда «Ғашықтар» саябағында ағаштарды отырғызу бойынша экологиялық акция өтеді. Кейіннен бұл аллеяға қоғамдық және саяси қайраткер, Еңбек Ері, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлық иегері Әбіш Кекілбаевтің есімі берілетін болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Экологиялық науқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен өтеді. Оған Ә. Кекілбаевтің жұбайы Клара Жұмабаева, жазушының туған-туысқандары мен Кекілбаевтар жанұясының дос-жарандары, өскелең ұрпақтың өкілдері қатысады. Сонымен қатар, өз ағаштарын аллеяда «Есіл» ауданының әкімі Төлеген Закарьянов пен елорданың зиялы қауым өкілдері отырғызады деп күтілуде.

Осылайша, «Астана Опера» опера және балет театрына қарама қарсы учаскеде қарағай, сібір шыршасы, қызыл шетен, ұсақ жапырақты шегіршін сияқты ағаштардың 250-ге тарта көшетін отырғызу жоспарланған.

Іс-шара сағат 10:00 басталады.