«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

16 мамырда «Астана Опера» театрының Камералық залында «Қараңғыда шырқалатын музыка» атты бірегей қайырымдылық жобасының тұсауы кесілмек, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты «Астана Опера» театрының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әртістер көзге түртсе көргісіз қараңғыда өтетін қызықты музыкалық-поэзиялық бағдарлама ұсынады.

Қараңғыда өтетін концерттер музыканы, қоршаған ортаны, таныс адамдар мен өзіңді қабылдаудағы қалыптасқан түйсіктерді өзгертеді. Қараңғылық қиялдау мен елестетуді жеделдетеді. Көрермен музыканы естіп қана қоймай, сондай-ақ оны «көре алады».

Жобаға «Астана Опера» театрының опера солистері мен оркестр әртістері, сонымен бірге зағип кәсіби музыканттар қатысып, классик композиторлар мен ұлттық авторлардың туындыларын орындайды. Концертте өлеңдер де оқылады.

Жобаның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жастардың мәселелеріне көңіл бөлу.

Концерттің басталуы сағат 19:00-де.