«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Ашылу салтанаты 5 мамырда сағат 19:00-де Оқушылар сарайында өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты қалалық білім басқармасына сілтеме жасап.

Спорттық-баллдық бишілердің «Silk Way – Жібек жолы 2018» дүниежүзілік фестивалі Астананың 20 жылдығы аясында 4, 5, 6 мамырда Оқушылар сарайында өтеді.

Аталмыш жоба Ұлы Жібек жолын кесіп өткен Азия, Еуропа және Қиыр шығыс елдерін қамтиды.

 

Биыл шарада Ирландия, Ресей, Англия, Израиль, Австрия, Румыния, Украина, Грузия, Өзбекстан, Беларусь, Молдавия, Қырғызстан, Әзірбайжан және Қазақстан сияқты елдерден 1500 қатысушы өнер көрсетеді.