«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Қазіргі кезде Отан қорғаушы күні және Жеңіс күні мерекелеріне арналған шараларға белсенді дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты Мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап.

7, 8 және 9 мамырда Астана тұрғындары мен қонақтарының назарына мерекелік бағдарлама ұсынылады. Шаралар ашық алаңдарда, концерт залдары мен театрларда өтеді.

Отан қорғаушы күніне орай, 7 мамырда қалалық алаңда (әкімдіктің алдындағы алаң, Бейбітшілік к-сі, 11) қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен ашық аспан астында үлкен концерт өтеді. Мерекелік шара сағат 13:00-де басталып, сағат 23:00-ге дейін жалғасады. Мөлдір Әуелбекова, Дастан Оразбеков, Бейбіт Қорған, Серік Ибрагимов, Адам, «Арт Домбыра» және «Меломен» топтары және т.б. келушілерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.

Жеңіс күніне арналған шаралар 8 және 9 мамырда өтеді.

8 мамырда сағат 10:00-де Орталық қалалық зиратта 1941-1945 жылдары Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары алған жарақаттардан көз жұмған ақмолалық жауынгерлердің зиратына Даңқ гүл тізбегін қою салтанаты өтеді. Осы күні «Астана» концерт залында «Ұлы жеңіс күні» атты мерекелік концерт көпшілік назарына ұсынылады. Мәдина Сәдуақасова, Рүстем Нұржігіт, Мейір Байнеш, Диная және т.б. шараға арнайы шақырылған қонақтар – Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне арнап соғыс жылдарындағы әндерді орындайды. Сондай-ақ, концертке елордалық «Жастар» театрының әртістері қатысады.

9 мамырда «Отан қорғаушылар» монументіне «Даңқ гүлтізбегін» қою салтанаты өтеді. Содан кейін Студенттік саябақта 11 әскери палатадан құрылған қалашықта ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне арнап мерекелік дастархан жайылады.

Жеңіс күнін мерекелеу Студенттік саябақта (Орбита ауданы) және қалалық алаңда жалғасады. Белгілі қазақстандық эстрада әншілері соғыс жылдарындағы әндерді орындайды. Елорда тұрғындары мен қонақтары концертті тамашалай алады.

Дәстүр бойынша осы күні елордада ардагерлердің ұрпақтарының «Жаужүрек полк» атты шеруі өтеді. Шеру сағат 12:30-да «Қазақ Елі» монументінен басталып, Тәуелсіздік даңғылы арқылы өтеді. Шаралардың толық тізімі www.madeniet.astana.kz сайтында жарияланған.