«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Іс-шараға чернобыль-ликвидаторлар мен қаза тапқандардың туысқандары, Астана әкімдігінің өкілдері, дипломатиялық корпустар, қоғамдық және жастар ұйымдары қатысты. Астанада Чернобыль апатының құрбандарына арналған ескерткішке гүл қою рәсімі болып өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қаза тапқандар мен қызмет еткендерді еске алуға ондаған туыстары келді. 26 сәуір 1986 жылы Чернобыль қаласында атом электрстанциясының төртінші блогында ірі жарылыс болған еді. Көмекке алғашқылардың бірі болып ерікті түрде қазақстандықтар келді. Олардың ұзын-саны 30 мыңға жетті.

«Мен 28 сәуір 1986 жылы сонда болдым, әскерге Жезқазғаннан шақырылып, Львовта борышымды өтеп жүргенмін. Бізді дабыл көтеріп, сонда жеткізді. Бірінші айда аталмыш аймақты 30 километрге дейін қоршаумен айналыстық. Ауылда қаңырап қалған үйлердің көрінісі әлі де көз алдымда. Үй-жайын, малын, шаруашылығын тастап кеткен адамдарға жаным ашыды. Тұғындар үйлеріне келіп, кейбір заттарын алып кетуді өтінді. Оларға тек үш күн ғана рұқсат берілді, сол себепті құжаттарын, заттарын қалдырып жүрді. Бірақ кейіннен оларға келуге тыйым салды. Сәуленің тарап кету қаупінен біздің бөлімді 6 рет көшірді», – деп еске алады астаналық Шопан Барекенов.

Қалалық мәслихаттың шешіміне сәйкес, «Астана қаласындағы азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетудің ережесі туралы» Чернобыль атом электрстанциясы апатын жоюға қатысқан тұлғаларға 2008 жылдың қаңтарынан бастап коммуналдық және басқа да ақшалай әлеуметтік жәрдем көрсетіледі. Биыл дәрі-дәрмек алуды қоса есептегенде көмек 2,4 айлық есептегіш көрсеткішті құрады.

 

Бұдан басқа, чернобыль ардагерлері  қоғамдық көліктерде тегін жүру, тіс протезін салдыру, санатория-курорттық емді тегін алады. Мұндай әлеуметтік көмекпен қазіргі таңда 429 адам қамтылған. Чернобыль АЭС болған апаттан қаза тапқандарды еске алу күні мен Ұлы Отан соғысының жеңіс күні қарсаңында жалпы сомасы 9 миллион 300 мың теңгеден, оларға да бір реттік материалдық жәрдем беріледі.