«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Өзбекстанның Самарқанд қаласында елдің тұңғыш президенті Ислам Каримовтің кесенесі бой көтерді.

Кесененің ашылу салтанаты 30-шы қаңтар, яғни Ислам Әбдуғаниұлының туған күнінде өткізілді. Бұл күндері тірі болғанда елдің осыған дейінгі басшысы 80 жасқа толар еді.

Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, бұл кесене алдағы уақытта елдегі ең жайлы әрі құрметті орындардың біріне айналмақ. Бұнда келемін деушілерге барлық қолайлы жағдайлар жасалады деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримов 2016 жылдың 2-ші қыркүйегінде бақилық болды.