«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Егер сіз миыңызға жаңа әсерлер сыйлап отырсаңыз, оның қызметін ұзақ уақыт бойы сергек сақтай аласыз. Назарларыңызға қарапайым жаттығулар ретін ұсынамыз. Олар сізге мидың жұмысын бірқалыпты ұстап тұруға көмектеседі.

Доминант емес қолмен жұмыс жасау

Ғалымдар үйреншікті іс-әрекеттерді доминант емес қолмен атқаратын адамдар, миының екі жартышарын да белсенді ететіндігін дәлелдеді. Мидың мүмкіндігін толықтай пайдалануды қаласаңыз, ең қарапайым әдісті қолдануыңызға болады. Мәселен, тіс тазартудан бастаңыз. Яғни, сіз солақай болсаңыз, тісіңізді оң жақ қолыңызбен тазартуды әдетке айналдырыңыз. Бұл жаттығу мидың қолдан жеткізілетін ақпаратты бақылайтын бөлігін дамытуға көмектеседі.

Дауыстап оқыңыз

Адам қандай да бір мәліметті немесе кітапты дауыстап оқыған жағдайда миының мүмкіндіктерін кеңейтеді. Бұдан бөлек, біреудің оқығанын да тыңдау өте пайдалы. Бұл сіздің есте сақтау қабілетіңізді арттырады.

Үйреншікті емес азық-түліктерді жеңіз

Адамның мұрны миллиондаған иістерді ажыратуға қабілетті. Жаңа иістер жан дүниеңізді күтпеген сезімдерге бөлеуі мүмкін. Сондықтан экзотикалық тағамдармен танысуға кеңес береміз. Алдымен тамақтың ингридиенттерін көзбен ажыратуға тырысыңыз. Одан соң дәмін татып көріңіз.

Таңертеңгі жұмыстарыңыздың орындалу ретін өзгертіңіз

Бір қызығы, күнделікті істерді автоматты түрде жасай беретін болсаңыз, мидың белсенділігі төмендейді. Миды жаттықтыру үшін ғалымдар үйреншікті істердің тәртібін өзгертуге кеңес береді. Мәселен, жұмысыңызға немесе дүкенге мүлде басқа жолмен барып көріңіз. Тіпті теледидардағы арналардың тәртібін де өзгертіп қоюыңызға болады немесе балаларға арналған танымдық бағдарламаларды тамашалаңыз. Бұл арқылы сіз балалардың әлемі туралы түсінігіңізді бақылап көресіз. Бұдан бөлек, әлеуметтік желіден келетін күнделікті смс хаттарға да өзгеше жауап беріп тұруға тырысыңыз.