«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Үндістан билігі атақты Тадж-Махал кесенесіне келетін туристердің санына шектеу қоймақ.

Бұндай шешімге Үндістанның археологиялық басқармасы келіп отыр. Бір айта кетерлігі, келушілердің санын қысқарту үрдісі тек үндістерге ғана қатысты болмақ. Билік олардың санын күніне 40 мың адамға дейін шегеруді жоспарлап отыр.

Сарапшылар бұл әрекеттерін тарихи ескерткіштің бірегейлігін сақтап қалғылары келетіндігімен түсіндіреді. Олардың пікірінше, келушілердің шектен тыс көп болуы кесененің тозуына әкеп соқтыруда. Себебі, бүгінде демалыс және мейрам күндерінің өзінде туристердің саны 70 мың адамға дейін жетеді.

Ресми статистикаға сүйенсек, 2016 жылы Тадж-Махалға келген адамдардың саны 6,5 миллионға жеткен. Олардың басым бөлігі – үнділер.