«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Британдық Telegraph басылымы түрлі әлем елдеріндегі діншілдік деңгейі картасын құрастырды.

Бұл карта 2008, 2009 және 2015 жылдары жасалған сауалнамалар негізінде әзірленген. Зерттеушілер әлем тұрғындарына «Өзіңізді діншілмін деп санайсыз ба?» деген сауал жолдаған. Сауалнамаға қатысушылар тиісінше бұл сұраққа «иә» және «жоқ» деп жауап берген.

Ондағы деректерге сүйенсек, Африка, Таяу Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия мен Латын Америкасы елдері біршама діншіл аймақтар атанған.

Оның ішінде Эфиопия елі көшбасшы ретінде танылып отыр. Бұл елдегі дінге сенетін халықтың үлесі – 99%. Бір ескерерлігі, мемлекетте мұсылмандар мен қатар, христиандардың да саны көп. Дәл осындай көрсеткіш Йемен, Шри-Ланка, Малави және Нигер елдерінде де бар. Бұдан бөлек жоғары көрсеткіштер Сомалидан – 98% және Ауғанстаннан – 97% анықталған.

Солтүстік, Батыс және Орталық Еуропа елдерінің басым бөлігі атеистік көзқараста. Ал Еуропаның біршама діншіл мемлекеті ретінде - Польша (86%) танылып отыр. Сондай-ақ, Италия (74%) және Грекия (71%) елдерінде де діншілдік деңгейі жоғары.

Ал діншілдік деңгейі төмен елдердің қатарына Қытай (7%), Жапония (13%), Эстония (16%), Швеция (19%), Норвегия (21%) және Чехия (23%) кірген.