«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Дүниежүзілік туристік ұйым туристер арасындағы ең танымал әлемнің он елін атады.

Аталмыш ұйым әлем халықтары ең көп саяхат жасайтын елдердің тізімін Tourism Highlights 2017 Edition атты зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында әзірлеген. Бір айта кетерлігі, зерттеушілер жұрт назарына халық арасында 2016 жылы танымалдылыққа ие болған мемлекеттердің рейтингін ұсынып отыр.

Анықталған нәтижелер бойынша туристер санының көптігімен Франция бірінші орынға шыққан. Бұл елге 2016 жылы 82,6 млн. турист келген. Ал екінші орынды АҚШ пен Испания алып отыр. Екі елдің әрқайсысында 75,6 млн. шетелдік қонақ болған. Бұл ретте, 2015 жылмен салыстырғанда Испаниядағы туристік ағын 10,3%-ға өскен, ал Америкада 2,4%-ға төмендеген.

Рейтингтегі төртінші орынға 59,3 млн. туристімен Қытай жайғасқан. Ал бесінші орынға – Италия (50,7 млн.), алтыншыға – Ұлыбритания (35,8 млн.), жетіншіге – Германия (35,6 млн.), сегізіншіге – Мексика (35 млн.) елдері кірген. Тізімнің тоғызыншы және оныншы орындары Тайланд (32,6 млн.) және Түркия (39,5 млн.) мемлекеттеріне бұйырған.

Сондай-ақ, саяхат жасаушылардың ең көп қаржы жұмсаған елдерінің көш басында Америка тұр. Туристер бұл елдің экономикасына 2016 жылы 205,9 млрд. доллар қаржы құйған.