«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

 

Өзбекстан астанасында жолаушыларға арналған жол бойындағы мешіттер құрылысы басталады.

Бұндай мешіттер Ташкент қаласының 11 ауданының әрқайсысында екі-екіден болмақ. Бұл арқылы қала билігі жүргіншілер мен жүргізушілерді намаз уақыты кезінде құлшылық жасайтын орын іздеп жүруден құтқармақ. Ресми деректерге сүйенсек, бұндай мешіттердің көлемі шағын болмақ. Онда арнайы жұма намаздары оқылмаса да, мұсылмандардың барлық бес парыз намаздарын оқып алуларына жағдай жасалады.

Өзбекстан мұсылмандарының діни басқармасының мәліметінше, бүгінде Ташкент қаласында 117 мешіт қызмет жасайды. Ал жалпы республика көлемінде шамамен 2043 мешіт бар.