«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Биыл еліміздің солтүстік аймағына 600-ден астам оралман-отбасы көшіп келмек.

Бұл жайлы үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ҚР-ның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова хабарлады.

Министрдің сөзінше, шетелдерден қоныс аударған қандастарымыздың отбасылары елдің СҚО, Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарына көшуге өтінім берген.

Мемлекет билігі де тиісінше шеттегі азаматтардың елге тартылуы үшін бірнеше мүмкіндіктер қарастырып қойған. Мәселен, елімізде шетелден жұмыс күшін тартуға арналған арнайы квоталар бар. 2018 жылы ондай квоталарға қол жеткізуді қалайтындар саны 41 мыңға жетіп отыр.

Тамара Қасымқызы сонымен қатар, бір облыстан басқа облысқа қоныс аударушылардың үлесі де артып келе жатқандығын айтады. Биылғы жылдың өзінде өзге аймақтардан Ақмола, Павлодар, СҚО және Қостанай өңірлеріне қоныстануға ниет білдірген отбасылардың саны 1706-ға жеткен.

Бір айта кетерлігі, бұл көрсеткіш былтырғыға қарағанда біршама төмен.