«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген. Астана қаласы, Қ. Рысқұлбеков көшесі

Америкалық киноакадемия «Оскар» сыйлығына үміткер болатын фильмдерге дауыс беруді бастады.

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, сайысқа 341 көркем туынды қатыспақшы. Киноакадемиктердің онлайн-өтінімдерін қабылдау үрдісі 12 қаңтарға дейін созылатын болады.

Бүгінде «Шетел тіліндегі ең үздік фильм» категориясындағы жарысқа қатысуға 92 елдің кинотуындылары қабылданып үлгерді. Оның ішіндегі тоғызы сайысқа іріктеліп алынған.

Барлық категория бойынша номинанттарды жариялау 23-ші қаңтар күні өтеді.

Ал финалдық дауыс беру ақпанның 20-нан 27-сіне дейін жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, «Оскар» сыйлығын ұсыну салтанаты 4-ші наурыз күні АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтеді.