«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген. Астана қаласы, Қ. Рысқұлбеков көшесі

Pew Research зерттеу орталығының болжамынша, мұсылмандар 2050 жылға қарай саны бойынша христиандардан кейінгі екінші діни қауымдастық атанады.

 

Қазіргі таңда Америкада кеңінен таралуы бойынша екінші орында иудаизм діні тұр. Ал мұсылмандардың саны шамамен 3,5 миллион. Яғни, АҚШ халқының 1%-ға жуығын құрайды. 2007 жылы бұл елде өздерін мұсылманбыз деп атаған азаматтардың саны 2,4 миллионды құраған болатын. Сондықтан, бұндай өсу қарқыны сарапшыларға 2050 жылы мұсылмандар саны иудейлерден көп болады деген қорытынды жасауға мүмкіндік беріп отыр.

Зерттеушілер 2050 жылға қарай АҚШ-тың христиан халқының саны 261 миллион деңгейіне жетеді деп болжап отыр.

Pew Research-тың сарапшылары Америкада мұсылмандар санының артуын бұл қауымдастық өкілдері арасында туу және иммиграция деңгейінің жоғары болуымен түсіндіреді. Бүгіннің өзінде ислам дінін ұстанатын АҚШ азаматтарының 75% иммигранттар немесе иммигранттар отбасының мүшесі болып табылады.