«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген. Астана қаласы, Қ. Рысқұлбеков көшесі

Аустралия елінің премьер-министрі Малкольм Тарнбулл бұл елде «белгілі бір деңгейде» шариғат заңдары мақұлдануы мүмкін екендігін мәлімдеді.

Нақтырақ айтқанда, Тарнбулл мырзаның үкіметі сарапшылар тобына елдің конфессиялық дамуы бойынша ұсыныстар пысықталған баяндама жасауға тапсырма берді. Онда мемлекеттегі діни сенім еркіндігінің ахуалы жайлы деректер болмақ. Бұл жұмыспен құрамында елдегі бес беделді заңгерлерден тұратын комиссия айналыспақшы.

Комиссия мүшелігіндегі сарапшылардың бір бөлігі мұсылмандардың құқықтары немесе мәселелері шариғат заңына сәйкес қаралғандығын қолдайды.

Бір айта кетерлігі, егер бұл жоба іске асырылатын болса, мұсылман қауымының некеге отыру және оны бұзу, мұраны бөлісу мәселелері ғана құран мен сүннет арқылы құпталған нұсқаулар жиынтығына сәйкес шешіліп отырмақшы.

Ал тұрмыстағы басқа да сұрақтарды шариғатқа сай шешіп отыру мәселесі сәл қиындау болады. Себебі, бұл елде түрлі дін өкілдері мен ислами заңға қарсы көзқарастағы адамдар өмір сүреді. Сондықтан да ел үкіметі қоғамдағы тепе-теңдікті сақтау үшін де шариғатқа белгілі бір деңгейде ғана сүйенуді мақұл көріп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Аустралия бүгінгі таңда әлемдегі мультимәдениетті, көпконфессиялы және бекітілген ресми діні жоқ мемлекеттердің бірі саналады.