«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Ақтау қаласында үшінші жыл қатарынан өтіп келе жатқан қалыңдықтар шеруінің ұйымдастырушылары биылғы акцияға жігіттерді де тартып, «қалыңдықтар шеруін» «қалыңдықтар мен күйеу жігіттер» шеруі деп атауға шешім қабылдапты, деп жазады KazDala.kz.

Әлемнің түкпір-түкпіріне таралып, бел алып келе жатқан, түзу жолдан тайғандардың гей-парадына қарсы ұйымдастырылып отырған аталмыш шараға қатысушылардың ең жасы енді ғана төртке толса, ең ересегі 61 жаста.

Парадқа қатысушылар қаланың басты көшесімен «Біз отбасын қолдаймыз!» деген ұранды алып жүріп өтті. Бұл арқылы шара ұйымдастырушылары негізгі адами құндылықтар — отбасы мен аналық туралы адамдардың есіне салуды мақсат тұтқан.

«Гей-парадқа бүкіл әлем бойынша мыңдаған адамдар жиналып жатқанда, классикалық отбасына арналған парадтың онша танымал болмауы өте өкінішті. Соған қарамастан, біз өз акциямызды жыл сайын өткізбекпіз. Негізгі ұранымыз — “Біз отбасын қолдаймыз”. Басты идеямыз — отбасы және неке институтын насихиттау. Жыл өткен сайын, аз да болса, адамдардың тартылып келе жатқандығы қуантады», — дейді шараның ұйымдастырушысы Ксения Белкина.

Биылғы шеруге 37 «қалыңдық» қатысқан. Олардың ішінде тұрмысқа шыққан келіншектермен қатар, басы бос бойжеткендер де бар. Парадтағы ең кішкентай «қалыңдықтың» жасы төртке енді ғана толса, ең үлкені — 61 жаста.

Некеге тұрғанына қырық жылдан асқан 61 жастағы Галина Бережнова бақытты жар, ана және әже. Оған бұл шараға қатысуды туралы қызы мен 10 жасар немересі ұсыныпты.

«Біз барлық қайырымдылық акцияларына қолдау көрсетіп отырамыз, ал мынау мүлдем ерекше нәрсе екен. Өйткені, дүниеде махаббат пен отбасынан асқан маңызды ештеме жоқ. Адамдар бұл туралы ұмытпаса екен деп тілеймін», — дейді, Бережновтар отбасының әйелдері.

Қатысушылардың арасында тұрмысқа шыққандары неке көйлегін тағы бір рет киіп, өздерін қалыңдық ретінде сезінгісі келсе, басқалары біреулері енді ғана отбасын құруға дайындалып жүргендер.

«Біздің кездесіп жүргенімізге үш ай ғана болса да, отбасын құру туралы ойланудамыз. Тойды жазға жоспарладық. Бұл жерге акцияға қолдау көрсету үшін келдік, өйткені, біз үшін отбасы — бәрінен де маңызды. Әрі өзіміздің тойымыздың мини-репетициясын да жасап жүрміз», — дейді Виталий мен Майя.

Егер әйелдер шараға шын ықыластарымен дайындалып, ақ көйлектеріне дейін киіп шықса, «тары ішінде бір бидай» болып жүрген 4 жігіт өз сыңарларынаң өтініші бойынша ғана келіпті.

Акцияға қатысушылардың бәрі бір ауыздан айтқандай, қазіргі әлемдегі жастар арасында кеңінен тарап кеткен азаматтық неке, немесе ашыналық өмір үрдісі отбасы институтын бұзады деген пікірде. Сондықтан да, қалыңдықтар мен күйеу жігіттер шаруіне қатысу арқылы олар жас ұрпаққа қарапайым адамдық құндылықтардың қаншалықта маңызды екендігін көрсеткілері келген.

Қайырымдылық сипатта өткен акциядан түскен қаржы аз қамтылған отбасыларға берілетін болады.