«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Өткен жылы әскерлерде 11 заңсыз қарым-қатынас фактісі тіркелген.

Жыл басынан бері ҚР Қарулы күштерінде 86 қылмыс тіркелген, оның ішінде екеуі -әлімжеттік фактісі.

«Ресми деректер бойынша, 2017 жылдың басынан бері Қарулы Күштерде 86 қылмыс тіркелген, оның екеуі – әлімжеттік фактісі. Ал 2016 жылы 268 қылмыс тіркелген болатын, оның 11-і – әлімжеттік фактісі» - деп атап өтті БАҚ өкілдерімен кездескен ҚР Қаулы Күштері әскери полиция Басқармасының бастығы Тілеухан Басқожаев.

ҚР Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті басшысының орынбасары, Жинақтау басқармасының басшысы, полковник Амантай Үсербаев Қарулы Күштеріміздің 70 пайызы келісімшарт бойынша қызмет атқаратынын атап өтті. Ал техникалық бөлімдер және әуе, теңіз күштеріндегі қызметшілердің 99 пайызға жуығы келісімшарт бойынша жұмыс істейді.