«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде қаланың жарық көздерінің жүйесін жаңарту және мегаполистің маңызды тарихи нысандарын жарықпен архитектуралық нұрландыру жұмыстарын тексерді.

Биылғы жылы қайта жаңарған Абай, Абылай хан және Назарбаев даңғылдарында диодты жарық көздері бар 700-тен астам жарық бағаналары ауыстырылды, бұл шамдар энергияның жұмсалуын 30%-ға қысқартады және ұзақ мерзімді.

Қарағанды облысынан «Жәке» шаруа қожалығы Өзбекстанға өгізшелердің бірінші топтамасын аттандырды. Кәсіпорын облыс орталығына жақын орналасқан – Бұқар Жырау ауданының Үштөбе ауылдық округінде. Биылғы жылы мұнда 20 гектар аумақта бордақылау алаңы ашылған. Мал шаруашылығы саласындағы ірі жоба қазірдің өзінде нәтижесін көрсетіп жатыр. 

Осы жылдың 8 айы ішінде инвестиция көлемі 598 млрд теңгені құрады, оның ішінде 158 млрд шетелдік инвестиция. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда үш есеге көп, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Сондай-ақ ішкі инвестицияның да үлесі 10,2-ден 26,5 % дейін өсті.

Жақын арада көпшілікке танымал, конвейерінен бірде бір ұшақ шығарылмаған авиазауыттың ғимаратында құрғақ бие сүтін өндіретін кәсіпорынның цехі орналасатын болады. Бұл жобаны жүзеге асыруға көмектесуге ҚР ауыл шаруашылық министрі Өмірзақ Шүкеев уәде берді. 

Алматы әкімдігінде ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауының қалай орындалатыны туралы айтылды. Ол үшін мегаполис басшылығы білім, денсаулық сақтау, тұрғын үй салаларын сапалы дамыту және қалалықтар үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында 100-ден астам арнайы шаралар енген қалалық жоспар қабылдады.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек қала активімен кездесуде Елбасы жүргізіп отырған экономикалық тұрақтылық, бірлік пен келісім сынды салиқалы саясаттың арқасында халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту үшін мемлекеттің әлеуметтік шығындарды арттырғанын атап өтті. Тек Жолдауды жүзеге асыру үшін ғана 1,5 трлн. теңгеден астам қаржы жұмсалатын болады, ал бұл жекелеген мемлекеттердің жылдық бюджеттеріне тең.