«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов өзінің орынбасарларынан кем дегенде аптасына бір рет қоғамдық көлікте жүруді талап етті. Аймақ басшысы жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасының жақсаруын қалайды. 
Аппараттық жиналыста ол Қарағанды қаласының әкімінен электрондық жол ақы жүйесінің енгізілуіне қатысты есепті талап етті:
- Біз бұл туралы қаңтарда айтқан болатынбыз. Сіздер мамырда іске қосамыз деп уәде берген болатынсыздар. Мен білемін – іске қостыңыздар. Енді қандай деңгейде екені туралы мәлімдеңіздер. 

Трнавада (Словакия) 17-23 қыркүйекте жасөспірімдер арасында еркін күрестен әлем чемпионаты өтті. Қарағандылық спортшы Серік Бақытханов 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша біріншіліктің қола жүлдегері атанды.

Кіші финалда Серік Бақытханов Оңтүстік Корей спортшысы Хён Су Ханнан жеңісті жұлып алыды - 12:8.
Оның алдындағы жекпе-жектерде 20 жасар қарағандылық әзірбайжан спортшысы Орхан Хасановты 7:0 есебімен және украиндық Данила Стасюкті 5:4 есебімен жеңіп алды. Алайда бұл жеңістерден соң жартылай финалда америкалық Зачери Эламға – 1:14 есебімен ұтылып қалды. 

Алматы әкімі алдағы жылыту маусымына қатысты көшпелі кеңес өткізді. Қалада биылғы жылы 12 км жылу желісі, 23 км электр желісі, 283 км су құбыры мен 267 км кәріз жүйесі қайта жасалды.

Мегаполис басшысы жұмыс сапары барысында 5 км жылу желісі реконструкцияланған Төле би көшесі бойындағы учаскені аралап көріп, оның маңын аббаттандыру жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

15 қыркүйек күні өткен «Дүниежүзілік тазалық күні» халықаралық әлеуметтік-экологиялық акциясына 5 мың адам атсалысты, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. Астанадағы 10 локациядан (Сарыбұлақ өзенінің жағасы, № 14, № 37, № 73 мектеп аумағы, «Нұрлы жол» вокзал ауданы, Қорғалжын тас жолы, Н. Тілендиев көшесі және т. б.) 3,3 тонна қатты қоқыс жиналған. Бұл акцияның ерекшелігі жиналған қоқыс сортталып (қайталама шикізатты бөлек аралас қоқысты бөлек) «Kaz Recycle Service» ЖШС-нің қоқыс өңдейтін зауытына жіберілді. Айта кетейік, бұл акция жыл сайын 15 қыркүйек күні өтеді.

Алматыда Қала күніне арналған ауқымды мерекелік шаралар өтуде. Мереке күні дәстүрлі «Apple Fest» алма фестивалі ұйымдастырылып, шара бірден бірнеше алаңдарда: ҚР Тұңғыш Президентінің саябағында, Панфилов көшесінде, Almaty Arena алдындағы алаңда, Жібек Жолы көшесінде, Абай және Астана алаңдарында, Орталық мәдениет және демалыс саябағында, «Көктөбеде» өтті.

Мегаполис әкімі Бауыржан Байбек қала тұрғындары мен қонақтарын айтулы мерекемен құттықтады.