«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Жылыту маусымына дайындық Қарағанды облысы басшылығының үнемі бақылауында. Дайындық деңгейі туралы аппараттық жиналыс барысында барлық қалалар мен аудандардың әкімдері есеп берді. Энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының м.а. Ұлантай Үсенов баяндама жасады. 

Отбасының берік болуына ықпал ету гендерлік қарым-қатынастың үлгісін қалайды. Гендердік теңдіктің деңгейі жоғарылаған сайын жауапкершілік те, паритетті және отбасының тұрмыстық, экономикалық, адамгершілік тәрбиесі, қорғанышы мен басқа да функциясын отбасы мүшелері нәтижелі етіп атқаратын болады. 

Отбасы күні қарсаңында «Қазақ қызы» мәдени-инабаттылық қыздар институтының ҚБ төрайымы Қарақат Әбден гендерлік саясатты дамытуда іске асырылған жобаның ролі туралы және үкіметтік емес ұйымдардың және мемлекеттік органдардың бірлесіп атқарған жұмысының нәтижесі туралы айтып берді.

Астана әкімдігі – гендерлік саясатты бірінші қолдаушы 

Астанада жастардың ішінде қыздардың мәдени-инабаттылық тәрбиесін нығайту мақсатында патриотизмді күшейтіп, ұлттық тәрбиенің арнасын қайта жаңғырту үшін жыл сайын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік жобалар іске асырылуда.

Әкімдік ҮЕҰ бірлесіп 8-бен 18 жастағы қыздарға қосымша білім  беру жобасын іске асырды, онда қыздардың тәрбиесі мәдени-инабаттылыққа бағытталған, қыздарды үздік қазақы және еуропалық мәдени-адамгершілік дәстүрлерге баулу, қалалық өркениетті-мәдени кеңістікте таралған оң беделі мен қазақ қызының статусын қайта жаңғырту және қазақ адамгершілік нормалары мен қыз тәрбиесіндегі қағидаларды танымал ету. «Қазақ қызы» мәдени-инабаттылық қыздар институтынан аз қамтылған отбасылардан шыққан 450 қыз оқудан өтті. Сонымен бірге аталмыш бағдарлама бойынша 2017 жылдан бастап балалар үйіндегі 35 қыз білім алуда.

 

Астанада қолданыстағы № 1 маршруттың базасынан 8 қыркүйектен бастап № 1А модификациялық маршруты іске қосылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты «Астана LRT» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жаңа бағдар «Шұбар» мөлтекауданы, 78 көше, 7 мекенжайындағы «Қазақ зағиптар қоғамдастығы» ҚБ мен «Аль-Ғани» мешітін көлікпен қамтамасыз ету мақсатында құрылды. 

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті қалалық әкімшілік алаңында «Аттракциондар қауіпсіздігі туралы» Еуразиялық экономикалық одағының техникалық регламентін (038/2016) түсіндіру бойынша өңірлік штабы дөңгелек үстел өткізді. 

Аталмыш іс-шараға Астана қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, қала әкімдігінің Алматы, Сарыарқа, Есіл және Байқоныр аудандарының өкілдері, Астана қаласының ІІД, Астана қаласының ТЖД, Астана қаласының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының  өкілі, сонымен қоса аттракциондарды қолдану саласында қызмет жасайтын қала бизнес-қауымдастығы өкілдері қатысты. 

Елбасының пікірінше, болашақта Қарағанды есеп бойынша елдегі төртінші миллионшы-қала болуы мүмкін. Бұл туралы аймаққа жұмыс сапарымен келген Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша өткен жиында мәлім етті. 
Жұмыс сапары кезінде Президент Қарағандының Оңтүстік-Шығыс бөлігінде орналасқан жаңа тұрғын-үй құрылыстарымен танысты. Облыс әкімі Ерлан Қошанов Мемлекет басшысына қаланың Жаңа орталығының дамуы жайлы баяндады.