«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Қарағандыда ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Агенттігі жанындағы республикалық Қоғамдық кеңесінің жылжымалы отырысы өтті. Қатысушылар аймағымызда Ұлт жоспары – 100 нақты қадам шеңберіндегі 1-ші институционалды реформасының жүзеге асырылуын талқылады. 
- Сіздер білесіздер, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сай Агенттікке қазіргі заманғы және кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру бойынша міндет жүктелді.

Астана және Ақмола облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап. Синоптиктердің болжауынша 1 қазанда көшпелі бұлт, күндіз кей кездері жауын жауады. Ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +16+18°С. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа қарай ауысады 5-10 м/с. Сейсенбі, 2 қазан көшпелі бұлт, түнде және таңертең кей кездері жауын жауады. Жел солтүстік-батыстан 9-14, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Температура түнде +3+5°С, күндіз +10+12°С. Сәрсенбі, 3 қазан, көшпелі бұлт күтіледі, жауын-шашын байқалмайды. Жел батыстан, оңтүстік-батысан соғады 7-12 м/с. Температура түнде +2+4°С, күндіз +13+15°С.

Қарағандыда Карбышев көшесінде иттерді жаттықтыруға және серуендетуге арналған алаң ашылды. Оны қаламыздың алдыңғы қатарлы кинологтарының нұсқаулықтарына сай жабдықтаған.

- Кинологтар қоғамынан қаламызда иттерді серуендетуге арналған алаң ашу керектігі ұсыныстар көптеп келіп түскен болатын. Бізде бір ғана алаң бар, орталық саябақта, бірақ оның өзі тек жаттықтыру үшін ғана. Ал мында иттерді жаттықтырып та, серуендетуге де болады. алаңға арналған орынды біз ветеринария бөлімі, жер қатынастары бөлімі және табиғатты қорғау прокуратурасымен бірлесіп белгіледік. Ол тұрғын үйлерден қажетті қашықтықта орналасқан, бір мезгілде тұрғындар үшін жақын, мұнда жаяу келуге болады. Біз жобадан сәл ауытқыдық, осындағы өсіп тұрған ағаштарды кеспеу үшін алаңды бірнеше метрге жылжыттық. Қалғанының барлығы жобаға сай жасалды. Оның ішінде газон септік, кеспе тастардан жол төседік, жарық орнаттық, төрт орындық, және ит иелерінің ыңғайлығы үшін қоқыс жәшіктерін қойдық, - дейді Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы әкімдігі аппараты жетекшісінің орынбасары Ләззат Әкілжанова.

Жыл соңына дейін қарағандылықтар «7/20/25» бағдарламасы бойынша 326 пәтер сатып ала алады. Ол жайында қала әкімі Нұрлан Әубәкіров мәлімдеді. 
«7/20/25» ипотекалық несиелеу бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановқа бүгін аппараттық жиналыс барысында мәлімдеме жасалды. 
Бүгінгі таңда аталмыш тұрғын үй несиесін алуға 65 өтініш тапсырылған, оның 46-на қатысты оң шешім қабылданды. Бағдарлама шеңберінде төрт көпқабатты үйлерді қолданысқа беру жоспарланып отыр: Көгілдір тоған, Степной-2 ықшам аудандарында, Сейфуллин және Ермеков көшелерінің бойында.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Бенин Республикасының экономикалық орталығы болып табылатын Абоме-Калави қаласының мэрі Жорж Бадамен кездесті. Тараптар мәдени-гуманитарлық байланыстарды күшейту және қалаларды дамыту бойынша тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.

Мегаполис әкімі географиялық қашықтықта қатысты Алматы мен Бенин арасындағы экономикалық байланыстың шектеулі екенін, алайда мәдени-гуманитарлық салада ынтымақтастықтың жоғары екенін атап өтті.