«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

5-8 қазан аралығында Астанаға 114 вагон немесе 2882 тонна қатты отын жеткізілген, деп хабарлайды Астанақаласы әкімдігінің ресми сайты. Оның ішінде 50 вагон немесе 3463 тонна «Шұбаркөл» маркасының көмірі, 44 вагон немесе 3027 тонна Майкөбе, 19 вагон немесе 1322 тонна Қаражыра, сондай-ақ 1 вагон немесе 70 тонна Богатырь маркасының көміріЖеткізілген көмірдің жалпы көлемі 7882 тонна. Бұрын хабарлағанымыздай, Астана қалалық отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы көмір сатушылармен бағаның өсуіне жол бермеу туралы меморандумдарға қол қойған болатын. Көмір бағасы: Шұбаркөл – тоннасы 13500-14500 тг; Қаражыра – тоннасы 14000 тг;   Майкөбе – тоннасы 12000-12500 тг; Богатырь көмірі – тоннасы 8500-9500 тг.  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz/kz/news/news/15867

Қарқаралы ауданында биыл 50,8 шақырым жол мен екі көпір жөнделді, жәнеде суағарлар жаңартылды. Бұл мақсаттарға 1327,12 млн. теңге бөлінді.

- Жалпы сомасы 490,9 млн. теңгеге республикалық маңызы бар «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» жолына жөндеу жұмыстары жүргізілді, - деп мәлім етті Қарқаралы ауданының әкімі Халел Мақсұтов. –Облыстық амңызы бар жолдарды жөндеуге 478,5 млн теңге бөлінді. «Қарағанды-Аягөз-Қоянды-Егіндібұлақ-Бүркітті» тас жолындағы Талды өзеніндегі және Байқожа өзені арқылы өтетін екі көпір қалпына келтіріліп, пайдалануға берілді.

Астана қаласының тұрақтандыру қоры жаңа азық-түлік өнімдерімен толығады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. Астананың тұрақтандыру қоры әлеуметтік маңызы бар өнімдерді сатып алуды жалғастырады. Бүгінде онда қант, күріш және қарақұмық қоры бар.  Одан бөлек маусымдық көкөністер пайда болуы мүмкін. «Азық-түлік өнімдерінің қандай түрін алу керектігін әкімдіктегі комиссия шешеді. Жуық арада комиссияның оырысы өтеді, сонда қандай өнімдерді алу керектігі шешіледі. Тұрақтандыру қорына маусымдық көкөністерді де алу жоспарлануда. Барлық өнімдер еліміздегі ірі өнім өндірушілерден сатып алынады. Оларға қойылатын басты талап, тауарды уақытылы жеткізу және сапа», - деді «Астана» «Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация» АҚ төрағасының орынбасары Досбол Көшербаев. Айта кетейік, бүгінгі таңда астаналық тұрақтандыру қорында 717 тонна қант, 70 тонна күріш және 39 тонна қарақұмық сақталған. Естеріңізге сала кетейік, тұрақтандыру қоры 2011 жылдан бастап жұмыс істеуде. Сатып алынатын азық-түлік тауарларының нақты тізбесі бойынша мемлекет қаржы бөледі. «Астана» «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация» АҚ тауарды белгілі бағада сатып алып, сақтауға қояды. Ары қарай әкімдік шешімімен тауар түрлері қала базарларына нарықтағы бағадан төмен бағамен шығарылады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz/kz/news/news/15840

500 тоннадан астам ауыл шаруашылық өнімдерін Қарағанды облысы Астанаға жәрмеңкеге алып келді. Елорда тұрғындары мен қонақтары ет, балық, көкөніс, шұжық және сүт өнімдерін нарықтағы бағадан төмен құнмен сатып алу мүмкіндігіне ие болды.

- Біз Қарағанды облысынан 579 тонна өнім алып келдік. Оның ішінде 93 тонна ет, 4 тонна балық пен құс етін және тағы да басқалары бар. Ең үлкен көлемде біз картоп алып келдік – 350 тонна, оны бір келісін 50-60 теңгеден сатып алуға болады. Жәрмеңкеге облысымыздың тоғыз ауданы мен төрт қаласы қатысып отыр, барлығы 78 ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер келді, - дейді Қарағанды облыстық Ауыл шаруашылық басқармасының жетекшісі Сағынжан Апақашов.

Қарағандыда биылғы жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жылу жүйелері магистралдерінің ауқымды жаңғыртуы өткізілді. Барлық жобаларға шамамен 6 млрд теңге бөлінді. Гоголь көшесінің бойында бір шақырымға жуық желілер, Республика даңғылында бір шақырымнан астам, ал Чапаев көшесінде екі учаске жөнделді. 
Қазіргі таңда барлық жұмыстар аяқталды. Келесі жылы магистралдық желілерді қалыпқа келтіру жұмыстарын жалғастыру жоспарланып отыр. Ол жайында Қарағанды облыстық Энергетика және ТКШ басқарамасы жетекшісінің м.а. Ұлантай Үсенов мәлімдеді.