«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Жәйремде жаңа кен байыту фабрикасы салынып жатыр. Бұл құрылысқа және іс жүзіндегі қызмет етіп жатқан өндіріске Жәйрем ТКБК 100 млрд теңгеге жуық қаржы инвестициялаған.

Кәсіпорын пайдалы қазбаларды қайта өңдеу саласында мамандандырылады. 2014-ші жылдан бері Жәйремдегі тау-кен байыту комбинатын «Казцинк» ЖШС басқарады. 

Қаражал мен Жәйремге жұмыс сапары барысында Ерлан Қошанов азаматтарды қабылдау өткізді. Кездесу кезінде тұрғындар облыс әкіміне өз қаласы мен кентіндегі проблемалар туралы айтты.

Жәйрем кентіндегі аурухананың жабдықталуы енді қалалық клиникалардан кем түспейді. Диагностика және емдеудің қазіргі заманғы аппараттарын жергілікті қала құрушы кәсіпорын, Жәйрем тау-кен байыту комбинатының қаржылық көмегінің арқасында сатып алу мүмкіндігі пайда болды. Ауруханаға биыл «Казцинк» ЖШС 240 млн теңге бөлген.

Қаланың Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының ақпараты бойынша Алматыдағы жылу маусымы 2018 жылдың 15 қазанынан басталады. Өз кезегінде әлеуметтік объектілер, оның ішінде мектептер, бала бақшалар, ауруханалар 12 қазаннан бастап жылу желісіне қосылады.

Жаңа жылу маусымына дайындық жұмыстарының барлығы белгіленген кестеге сай жүруде. Қаланың жылуэнергия кешендері алдағы жылу жұмыстарына 100% дайын.

Айта кетерлігі, қалада биылғы жылы 12 км жылу желісі, 23 км электр желісі, 283 км су құбыры мен 267 км кәріз желісі қайта жасалды.

Үй иелерінде электронды үй кітаптары пайда болады. Оған бүгінде ел бойынша барлық үйлер мен пәтерлерге беріліп жетқан арнайы тіркеу коды арқылы қол жеткізуге болады.

Тұрғын алаңына электронды төлқұжаттарды енгізуді биылдан бастау жоспарлануда. Ол үшін әр тұрғыннан пәтері немесе үйінің мекенжай бойынша тіркеу кодының (МТК) бар-жоғын білуі үшін жеке куәлігімен ХҚКО келуін сұрайды.