«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Қарқаралы ауданында биыл 50,8 шақырым жол мен екі көпір жөнделді, жәнеде суағарлар жаңартылды. Бұл мақсаттарға 1327,12 млн. теңге бөлінді.

- Жалпы сомасы 490,9 млн. теңгеге республикалық маңызы бар «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» жолына жөндеу жұмыстары жүргізілді, - деп мәлім етті Қарқаралы ауданының әкімі Халел Мақсұтов. –Облыстық амңызы бар жолдарды жөндеуге 478,5 млн теңге бөлінді. «Қарағанды-Аягөз-Қоянды-Егіндібұлақ-Бүркітті» тас жолындағы Талды өзеніндегі және Байқожа өзені арқылы өтетін екі көпір қалпына келтіріліп, пайдалануға берілді.

500 тоннадан астам ауыл шаруашылық өнімдерін Қарағанды облысы Астанаға жәрмеңкеге алып келді. Елорда тұрғындары мен қонақтары ет, балық, көкөніс, шұжық және сүт өнімдерін нарықтағы бағадан төмен құнмен сатып алу мүмкіндігіне ие болды.

- Біз Қарағанды облысынан 579 тонна өнім алып келдік. Оның ішінде 93 тонна ет, 4 тонна балық пен құс етін және тағы да басқалары бар. Ең үлкен көлемде біз картоп алып келдік – 350 тонна, оны бір келісін 50-60 теңгеден сатып алуға болады. Жәрмеңкеге облысымыздың тоғыз ауданы мен төрт қаласы қатысып отыр, барлығы 78 ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер келді, - дейді Қарағанды облыстық Ауыл шаруашылық басқармасының жетекшісі Сағынжан Апақашов.

Қарағандыда биылғы жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жылу жүйелері магистралдерінің ауқымды жаңғыртуы өткізілді. Барлық жобаларға шамамен 6 млрд теңге бөлінді. Гоголь көшесінің бойында бір шақырымға жуық желілер, Республика даңғылында бір шақырымнан астам, ал Чапаев көшесінде екі учаске жөнделді. 
Қазіргі таңда барлық жұмыстар аяқталды. Келесі жылы магистралдық желілерді қалыпқа келтіру жұмыстарын жалғастыру жоспарланып отыр. Ол жайында Қарағанды облыстық Энергетика және ТКШ басқарамасы жетекшісінің м.а. Ұлантай Үсенов мәлімдеді. 

Астана қаласының тұрақтандыру қоры жаңа азық-түлік өнімдерімен толығады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. Астананың тұрақтандыру қоры әлеуметтік маңызы бар өнімдерді сатып алуды жалғастырады. Бүгінде онда қант, күріш және қарақұмық қоры бар.  Одан бөлек маусымдық көкөністер пайда болуы мүмкін. «Азық-түлік өнімдерінің қандай түрін алу керектігін әкімдіктегі комиссия шешеді. Жуық арада комиссияның оырысы өтеді, сонда қандай өнімдерді алу керектігі шешіледі. Тұрақтандыру қорына маусымдық көкөністерді де алу жоспарлануда. Барлық өнімдер еліміздегі ірі өнім өндірушілерден сатып алынады. Оларға қойылатын басты талап, тауарды уақытылы жеткізу және сапа», - деді «Астана» «Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация» АҚ төрағасының орынбасары Досбол Көшербаев. Айта кетейік, бүгінгі таңда астаналық тұрақтандыру қорында 717 тонна қант, 70 тонна күріш және 39 тонна қарақұмық сақталған. Естеріңізге сала кетейік, тұрақтандыру қоры 2011 жылдан бастап жұмыс істеуде. Сатып алынатын азық-түлік тауарларының нақты тізбесі бойынша мемлекет қаржы бөледі. «Астана» «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация» АҚ тауарды белгілі бағада сатып алып, сақтауға қояды. Ары қарай әкімдік шешімімен тауар түрлері қала базарларына нарықтағы бағадан төмен бағамен шығарылады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz/kz/news/news/15840

Қарағандыда ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Агенттігі жанындағы республикалық Қоғамдық кеңесінің жылжымалы отырысы өтті. Қатысушылар аймағымызда Ұлт жоспары – 100 нақты қадам шеңберіндегі 1-ші институционалды реформасының жүзеге асырылуын талқылады. 
- Сіздер білесіздер, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сай Агенттікке қазіргі заманғы және кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру бойынша міндет жүктелді.