«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Астанада қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауда екі фракцияны ұйымдастыру бойынша жобаның қорытындысы шықты. Бүгінде қаланың төрт ауданына қатты тұрмыстық қалдықтардың (ҚТҚ) құрғақ фракциясын жинау үшін 1118 сары контейнер орнатылды, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты ӨКМ операторының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Компанияның мәліметінше сары контейнерлерден жиналған екінші рет өңделетін шикізаттың көлемі 2004 тоннаны құрады.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде қаланың жарық көздерінің жүйесін жаңарту және мегаполистің маңызды тарихи нысандарын жарықпен архитектуралық нұрландыру жұмыстарын тексерді.

Биылғы жылы қайта жаңарған Абай, Абылай хан және Назарбаев даңғылдарында диодты жарық көздері бар 700-тен астам жарық бағаналары ауыстырылды, бұл шамдар энергияның жұмсалуын 30%-ға қысқартады және ұзақ мерзімді.

Жақын арада көпшілікке танымал, конвейерінен бірде бір ұшақ шығарылмаған авиазауыттың ғимаратында құрғақ бие сүтін өндіретін кәсіпорынның цехі орналасатын болады. Бұл жобаны жүзеге асыруға көмектесуге ҚР ауыл шаруашылық министрі Өмірзақ Шүкеев уәде берді. 

Қарағанды облысынан «Жәке» шаруа қожалығы Өзбекстанға өгізшелердің бірінші топтамасын аттандырды. Кәсіпорын облыс орталығына жақын орналасқан – Бұқар Жырау ауданының Үштөбе ауылдық округінде. Биылғы жылы мұнда 20 гектар аумақта бордақылау алаңы ашылған. Мал шаруашылығы саласындағы ірі жоба қазірдің өзінде нәтижесін көрсетіп жатыр. 

Осы жылдың 8 айы ішінде инвестиция көлемі 598 млрд теңгені құрады, оның ішінде 158 млрд шетелдік инвестиция. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда үш есеге көп, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Сондай-ақ ішкі инвестицияның да үлесі 10,2-ден 26,5 % дейін өсті.