«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Қарағандыда 14-ші қазан, жексенбіде бәйге өтеді. Арғымақтар төрт түрлі қашықтықта жарысады. 
Қорытынды бәйгеде бір жасар жылқылар 6 шықырып шапса, екі жасар аттар – 12 шақырым шабу керек болады. «Топ бәйге» дистанциясы 17 шақырымды құрайды, ал ең ұзақ қашықтық 25 шақырым болады. 

Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде Астана қаласында коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар тіркеуіндегі кезектілер үшін құжаттарды қабылдауды жариялайды. Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 372 қаулысымен  «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілген. 

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов пен Белград мэрі Зоран Радойичич 2019 жылы Белградта Астана күндерін өткізуге келісті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Бас қалада ауа температурасы төмендейді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап. Синоптиктердің болжауынша, 11 қазан күні көшпелі бұлт шығады,  жауын-шашынсыз болады. Жел оңтүстік-батыстан 9-14, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +2...+4°С, күндіз +15...+17°С. 12 қазан күні бұлт шығады, жауын-шашынды, арты қарға ұласуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан жел бағытын өзгертіп солтүстік-батыстан 9-14, түнде желдің екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз +5...+7°С. 13 қазан күні елордада бұлтты, жауын-шашынды болады. Жел солтүстік-батыстан 7-12, кей жерлерде 15 м/с. Ауа температурасы түнде 0...-2°С, күндіз +2...+4°С.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz/kz/news/news/15910

Жәйремде жаңа кен байыту фабрикасы салынып жатыр. Бұл құрылысқа және іс жүзіндегі қызмет етіп жатқан өндіріске Жәйрем ТКБК 100 млрд теңгеге жуық қаржы инвестициялаған.

Кәсіпорын пайдалы қазбаларды қайта өңдеу саласында мамандандырылады. 2014-ші жылдан бері Жәйремдегі тау-кен байыту комбинатын «Казцинк» ЖШС басқарады.