«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Алдағы үш күнде  көшпелі бұлт шығып, қар жауады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап. Дүйсенбі, 26 қарашада күн бұлтты, кейде қар жауып, боран болады. Оңтүстік-батыстан жылдамдығы 9-14 м/с құрайтын жел соғады. Түнде және таңертең оның екпіні 15-20 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде -10 ... -12 ° С, күндіз -6 ... -8 ° С. 27 қарашада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Сынап бағанасы түнде -11 ... -13 ° С, күндіз -5 ... -7 ° С көрсетпек. 28 қараша, сәрсенбіде, көшпелі бұлт шығып, кейде қар жауады, боран соғады.

 Оңтүстік-батыстан  жылдамдығы 9-14 м/с жететін жел соғады. Кей жерлерде оның екпіні 15-20 м/с құрайды. Ауа температурасы  түнде -8 ... -10 ° С, күндіз -5 ... -7 ° С.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz/kz/news/news/16862