«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев үш қарағандылық ЖОО болып қайтты. Оның назарына жуырда ашылған «адалдық дүкені» мен Студенттерге қызмет көрсету орталығы ұсынылды. 
Алик Шпекбаев Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде және Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінде болып қайтты. 

ҚарМУ-дегі студенттерге қызмет көрсету орталығы осы жылдың мамырында ашылды. Сол уақыттан бері бұл жерден 14 мың студент қызмет алды. Ең үлкен сұранысқа оқу орнынан қажетті анықтама алу, жатақханадан орын беру, сондай-ақ жоғарғы білім туралы дипломның телнұсқасы қызметтері болды. Орталық штатында екі қызметкер жұмыс істейді, бұл білім беру мекемесінің әкімшілік жүйесіндегі бөлек ведомство. 
Алик Шпекбаев Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановпен бірге университет ғимаратында ашылған «адалдық дүкенінде» болып қайтты. Дүкен сатушысыз және күзетшілерсіз жұмыс істейді. Мұнда дәптерлер, блокноттар, папкалар және басқа да кеңсе заттары сатылады. Сатып алушы өзіне керек затты алып, рнайы кассаға ақшасын қалдырып, қажет болса қайтарым ақшасын алулары тиіс. 
Ерекше дүкенде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның басшысы маркер, ал Ерлан Қошанов қаламсап сатып алды. 
Осы секілді дүкенді олар ҚарМТУ да аралап шықты. Мұнда кеңсе заттарымен қоса, кітаптар да болды. Сонымен қатар университетте Алик Шпекбаевке инновациялық жобалар көрмесі көрсетілді, сондай-ақ «Maker» зауытымен бірлесіпЖОО базасында құрылған тәжірибелік зертхана туралы айтылды. Ректордың айтуынша, мұндай әріптестік 95% түлектерге диплом алған бетте жұмыс табуға септігін тигізеді. 
Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінде Алик Шпекбаев ЖОО әкімшілігінің «адалдық дүкенін» кеңсе заттарын сататын сауда орны етпей, кафетерийдің бір бөлігі қылғанын құптады – студенттер жаңа пісірілген тоқаштар, тәтті-дәмділер және шырындарды ашық кассаға ақша салып ала алады. 
- Қарағанды облысында осындай ауқымды жұмыстар атқарылып, Студенттерге қызмет көрсету орталықтары және «адалдық дүкендері» секілді жаңа жобалар жүзеге асырылып жатқаны қатты қуантады. Бүгін бұл жаңашылдықтар ЖООО болса, ертең колледждерде, сонан соң мектептерде де енгізіледі, - деді сыбайлас жемқорлықпен күрес ведомствосының басшысы. 
Ол «адалдық дүкендеріндегі» тауарлардың түрлерін кеңейтуді жәнеде сатып алушы студенттерді көптеп жұмылдыруды тапсырды. 
Бұған қоса, Алик Шпекбаев ЖОО ректорларына білім ордасының барлық қыржылық құжаттары, жыл сайынғы кірістері мен шығындарын студенттер мен олардың ата-аналары көре алатын электрондық портал құруға кеңес берді. Осылайша, ЖОО әкімшілігіне деген сенім артып, осы секілді шаралар тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға мүмкіндік тудырады, деп атап өтті ол. 
Сондай-ақ Алик Шпекбаев Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қарағандылық департамент қызметкерлерімен де кездесті. Кездесу барысында ведомство басшысы мемлекеттік қызметкерлердің жаңа жұмыс принциптерін түсіндіріп, оларды ашық жұмыс істеуге шақырды.