«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында «Нәтиже» сүт фабрикасында болып қайтты. Ол өндіріс цехтерін қарап шығып, жаңа өнімдерден дәм тартып көрді. 
Кәсіпорын нарықта 1999-шы жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бүгінгі таңда компания табысты бизнестің үлгісі болып табылады. Фабриканың қуаттылығы бірнеше есе артты. Сүт өнімдері Қарағанды облысының барлық қалалары мен аудандарына, сондай-ақ көршілес аймақтар мен Астанаға тасымалданады. 

Жуырда «Нәтиже» жаңа өнімдер желісін сатылымға шығарды: айранның екі түрі – протеин құрамы жоғары және йод қосылған. Фабрика сонымен қатар италия технологиясы бойынша балмұздақ өндіре бастады. Ол үшін еуропалық технолог шақыртылды. Ол Қарағандыға Лондоннан келді. Қазіргі таңда 20 түрлі балмұздақ шығарылады, оның ішінде «Шахтер» атты қара балмұздақ жасалады. Келешекте олардың түрлері көбеәтіледі деп жоспарлануда. 
Сенат спикері жаңа өнімнен дәм татып оларға жақсы баға берді.