«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Қарағанды облысынан «Жәке» шаруа қожалығы Өзбекстанға өгізшелердің бірінші топтамасын аттандырды. Кәсіпорын облыс орталығына жақын орналасқан – Бұқар Жырау ауданының Үштөбе ауылдық округінде. Биылғы жылы мұнда 20 гектар аумақта бордақылау алаңы ашылған. Мал шаруашылығы саласындағы ірі жоба қазірдің өзінде нәтижесін көрсетіп жатыр. 

Аймағымызға жұмыс сапары барысында бордақылау алаңының жұмысымен премьер-министр орынбасары – ҚР ауыл шаруашылық министрі Өмірзақ Шүкеев танысып шықты. 
Жобаның құны 1,3 млрд теңгені құраған. Оны жартысына жуығы – шаруа қожалығының өз қаражаты. Бұл жерде бір дегенде 3000-нан астам өгізшелер асырайды. 
Шаруа қожалығы жас малды Ресейден сатып алып келіп, фермерлерге бордақылауға берген. 1-ші қазаннан бастап өгізшелерді қайта тапсырады. Қазіргі таңда мал экспортқа шығарылып жатыр. «Жәке» екі өзбекстандық компаниялармен келісімшарт жасасқан. Бірінші топтама 1000 бастан асады. Келісім бойынша келешекте мал жіберу ай сайын жүзеге асырылып отырады. 
Қазақстанда ет өндіру мал шаруашылығын дамыту аграрлық саланың ең басым бағыттарының бірі болып табылады. Елбасы АӨК алдында еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылық өнімдерін экспорттау 2,5 есе арттыру міндеті қойылды. Биылғы жылы сыртқы нарыққа 15 мың тонна сиыр еті шығарылады деп жоспарлануда. 
Өмірзақ Шүкеев қарағандылық жобаның әлеуеттілігін атап өтті. Ол фермерлерді осындай ірі алаңдар жанына бірігіп «жәкірлік» кооперативтер құруға шақырды. 
- Бізге тауарлық мал қажет. Ол үшін біз 4% мөлшерлемемен 15 жылға дейін несие береміз. Сонан соң барлық технологияны егжей-тегжейлі жазып береміз. Қанша жер қажет екенін, қандай трактор, қандай техника керек екенін. Жай ғана трафаретпен жұмыс істеуге жол ашық, - деді кәсіпкерлерге ауыл шаруашылық министрі. 
Қарағанды облысының әкімідігінде Өмірзақ Шүкеев аймақтың ауыл шаурашылық өнім өндірушілерімен кездесті. Сонан соң вице-премьер – ауыл шаруашылық министрі ет мал шаруашылығын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша республикалық селекторлық жиналыс өткізді.