«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Қарағандыда 14-ші қазан, жексенбіде бәйге өтеді. Арғымақтар төрт түрлі қашықтықта жарысады. 
Қорытынды бәйгеде бір жасар жылқылар 6 шықырып шапса, екі жасар аттар – 12 шақырым шабу керек болады. «Топ бәйге» дистанциясы 17 шақырымды құрайды, ал ең ұзақ қашықтық 25 шақырым болады. 

Бірінші орын үшін берілетін сыйлық – асыл тұқымды жылқы. 
Шараға келген қонақтар үшін ипподромда киіз үйлер орнатылады, ұлттық ойындар ұйымдастырылады, сондай-ақ ыстық палау мен шай беріледі. 
Бәйге 14-ші қазанда 10.00-де басталады. Ұйымдастырушылар барлық ниет білдірушілерді «Сарыарқа» әуежайына апарар жолдың сол жағында орналасқан Құрылыс ауылындағы ипподромға шақырады.