«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов пен Белград мэрі Зоран Радойичич 2019 жылы Белградта Астана күндерін өткізуге келісті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Қос ел астаналарының басшылары екіжақты қарым-қатынасты кең көлемде дамытуда және бекітуге келісіп, Қазақстан және Сербия елдері астаналарының арасында комюникеге қол қойып, достық қарым-қатынасты одан әрі дамытуға келісті. Бұдан бөлек, қала басшылары сауда-экономика саласын, гуманитарлық және ғылыми-білім беру ынтымақтастығын дамытуға келісті. Сондай-ақ, сауда, инвестиция, инновация, туризм, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау, спорт салаларында тәжірибе алмасуға келісті. Астана мен Белград қаласының басшылары екі астананың атқарушы органдары арасындағы өзара іс-қимылды үйлестіру мақсатында бірлескен жұмыс тобын құру және оның тұрақты, тиімді қызметін қамтамасыз етуді шешті. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz/kz/news/news/15907