«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

«Smart Astana» қосымшасы арқылы астанада жұмыс табуға болады. Бағдарлама enbek.kz порталымен біріккен, онда күн сайын өзекті бос жұмыс орындары жаңартылып тұрады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бұл туралы «Астана Innovation» АҚ басқарма төрағасы Олжас Сартаев мәлімдеді.

Оның айтуынша бүгін кешен 8 санат пен 66 қалалық сервис пен қызмет көрсетуді, хабарландыру және жариялау сервисін, 10 коммерциялық ақпараттық қызмет көрсету, екі жаңалық порталы – «Елорда ақпарат» пен «Қазинформды» өзіне қосады.

«Көңілді контент толтырумен де жұмыс жасап жатырмыз. Ал шілдеден қосымша арқылы астанадан жұмыс тауып алуға болады. Бағдарлама enbek.kz порталымен біріккен, онда күн сайын өзекті бос жұмыс орындары жаңартылып тұрады», - деді О. Сартаев.

Сондай-ақ төраға қазіргі таңда мамандар қосымшаның сәулетін қайтадан сұрыптап төлем сервисін басынан жасады.

«Қазірдің өзінде 12 компанияның лифт картасын іске қосты («Транслифт Азия», «Нова лифт», «Гарант лифт», «Гарант лифт нс», «Астана сити лифт», «Астана СитиЛифт Сервис», «Астана горлифт», «Лифт Трэвел», «Сити лифтсервис», «Лифт Профи-Нс», «Сарыарка лифт», «Евролифт сервис»). Банк картасын пайдалану немесе мобильді баланс арқылы лифт картасын толтыруға болады. Қазір біз киноға билет сатып алуды, айыппұлдар төлеуді және басқа да пайдалы әрі қызықты заттарды сатып алу мүмкіндіктерін жасап жатырмыз», - деді О. Сартаев. 

Естеріңізге сала кетейік, Smart Astana мобильді қосымшасы астана тұрғындары мен қонақтарының өмірін жеңілдетуге арналған. Бағдарламаны App Store және Play Market арқылы жүктеп алуға болады.