«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек күнделікті жұмыс барысында Түрксіб ауданының коммуналдық-шаруашылық инфроқұрылымын қалпына келтіру қарқынын тексерді. Егер өткен жылы мұнда 80 аула жаңартылса, биылғы жылы 130 ауладан асып отыр. Осылайша, тек екі жылда қаланың көне ауданында барлық аулалардың жартысы жаңартылды.

Бауыржан Байбек Б.Майлин көшесі мен Сүйінбай даңғылының тұрғындарымен кездесу барысында қала инфроқұрылымды модернизациялау аясында 524 көше мен 800 километр инженерлік жүйелер жөндеуден өткенін айтты. Жыл аяғына дейін 80% дейін жаңа автобустар саны көбейетін болады.