«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

 

Қант бағасын тұрақтандыру мақсатында тауар интервенциясы жүргізіледі.Бөлшек саудада 1 килограмм қанттың белгіленген бағасы 240 тенге, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

«Жыл сайын осы кезде қант бағасының маусымдық өсуі байқалады, ол жеміс-жидектің пісіп, тұрғындардың жаппай қысқа азық-түлік дайындауына байланысты болатын жағдай. «Astana» ӘКК» ҰК» АҚ қазіргі уақытта қант бойынша тауар интервенциясын жүргізеді. Астана қаласы әкімінің 17.10.2017 жылғы №102-21 шешіміне сәйкес 1 кг қанттың көтерме бағасы 220 теңге, бөлшек саудада 240 тенгеден аспауы тиіс», – деді «Astana» ӘКК» ҰК» АҚ-ның мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру департаментінің директоры Әуез Қарабалаев.

Бүгінгі таңда өнімді «Шапағат» коммуналдық базарында, «Әлем», «Астаналық» сауда үйлерінде, «Бахус» сауда желісінің дүкендерінде және «Мерген», «Керуен» дүкендерінде іске асырылуда.

Еске сала кетейік, «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Астана қаласы бойынша азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қоры бағдарламасын іске асыру жөніндегі мамандандырылған ұйым.