«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Бүгін ірі бөлшек сауда желілерінде "Жаһанды қорға - полиэтиленнен бас тарт! " экологиялық акциясы өткізілді,  деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

"Galmart",  "Kenmart",  "Алма",  "Small" гипермаркеттерінің кассаларында экологиялық акция шеңберінде 50 мың биопакетті тегін үлестіруді жоспарлауда. Жоба астаналық қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасының қолдауымен "Евразия  тобы" ЖШС мен "ЭКО Продактс Групп" ЖШС ұйымдастырды.  

"Біздің компания - 100 пайыз өсімдік шикізатынан жасалған ең бірінші отандық биопакет өндіруші. Біздің пакеттің кәдімгі пакеттен айырмашылығы тез еріп кететіндігінде. Бұл пакеттер негізгі құрамына жүгері крахмалы кіретін органикалық шикізаттан жасалған. Пакет біраз уақыттан кейін шіріп,  тыңайтқышқа айналады. Бұл қазір бүкіл әлемде өндіріліп жатқан зиянды пластикке қарағанда мүлдем қарама қайшы экологиялық мәселені шешудің бірден бір жолы", - деді "ЭКО Продактс Групп" компаниясының директоры  Уалихан Жұманов.

Оның айтуынша биологиялық пакет - полиэтиленге бірден бір үздік баламалы әрі сыртқы формасы да,  сапасы да пайдалануы әбден жетілдірілген.

Ол пакетке мөр басуға,  бейнелер белгілеуге,  түрлі түстермен түрлі мөлшердегі формамен шығаруға болады. Биопакетті де полиэтилен сияқты басып шығарады. 

Астанада оны "Galmart",  "Kenmart" және "Алма" магазиндерінен алуға болады.

Алдағы уақытта пакеттерді қаланың барлық ірі супермаркеттерінде жүзеге асыру жоспарлануда. Бір пакеттің орта бағасы 25 теңге. Жобаны қаланың әрбір тұрғыны қолдай алады. Ол үшін сауда жасауға шыққан кезде эко-пакетті таңдаңыз. Айта кетейік,   "Жаһанды қорға - полиэтиленнен бас тарт! " эко-акциясы Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне орай өткізіп отыр.