«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Бүгін Астана қаласы жедел жәрдем станциясында арнайы дыбыстық дабылы бар  ақ түстен сары түске боялған 10 жедел жәрдем көлігі таныстырылды, хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана қаласы медициналық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Тимур Мұратов тілшілерге жедел жәрдем қызметіне қатысты енгізілген жаңа стандарттармен таныстырып, санитарлы көлікті  жарық шағылыстыратын күлгін элементтері бар сары түске бояудың себептерін түсіндірді.

«Біздің елдің мамандары халықаралық тәжірибені зерттеді. Саратама  дамыған елдерде қанық сары түске боялған жедел жәрдем көлігінің көптеген көліктер ағымында көзге бірден түседі. Сол себепті де ол оқиға орнына тез арада жетеді. Қазіргі таңда еліміздің барлық қалаларында жедел жәрдем көліктері сары түске боялып жатыр. Жыл соңына дейін жедел медициналық жәрдем станциясының автопаркіндегі көліктердің барлығы осындай болады», - деді Тимур Мұратов.

Астана қаласы медициналық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері, сондай-ақ, санитарлы көліктердің қай уақытта және қандай жағдайда арнайы дыбысты сигналды қосатыны туралы айтып берді.

«Жедел жәрдем көлігінің арнайы дабылды құрылғысы таңғы 8:00-ден 23: 00-ке дейін қосылатын болады. Оны тек қана науқасты тасымалдаған кезде, науқасқа бара жатқан кезде қосуға болады. Басқа уақытта егер бригада жұмысын бітіріп, базаға қайтып бара жатса, онда барлық сигналдар өшіріліп тұрады. Сағат 23-тен кейін арнайы дабылы емес, оның тек жарық шағысылыстырушы құрылғысы  ғана қосылады», - деп мәлімдеді Тимур Мұратов.

 

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес 2018 жылдан бастап барлық жедел жәрдем көліктері  бірыңғай стандарттарға сай сары түске боялуы тиіс.