«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Оқжетпес және Ш. Айтматов көшелерінде жол жөндеу жұмыстары басталады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына сілтеме жасап.

Оқжетпес көшесі № 90 үй аумағындағы жүріс жолының жол жабыны негізі мен жарамсыз топырақты ауыстыру жұмыстарына байланысты 24 -28 мамыр аралығында Қарбышев тұйық көшесі мен Орда көшесінің бойында жатқан Оқжетпес көшесі автокөлік құралдарының қозғалысы үшін жабық болады.

Сондай-ақ, жөндеу жұмыстары «Жағалау» ТК аумағында Ш. Айтматов көшесіндегі жүріс жолында да өтеді деп жоспарлануда.

Осыған орай, 23 мамыр (сағ14:00) мен 2 маусым аралығында Қорғалжын тас жолы мен Орынбор көшесінің бойында жатқан Ш. Айтматов көшесінің бөлігі автокөлік құралдарының қозғалысы үшін ішінара жабық болады.

 

«Қала көшелерінде кептеліс тудырмау мақсатында Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы елорда тұрғындары мен қонақтарынан өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды», - делінген хабарламада.