«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Елорданың № 2 балалар ауруханасында 26 мамырда «Ашық есік күні» акциясы өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Балаларды қорғау күніне орай барлық ата-аналар терапевт дәрігерлердің  жолдама хатынсыз аурухана мамандарынан тегін консультация ала алады. 

Шара барысында қабылдауды ортопед, уролог, хирург, травматолог, офтальмолог, отоларинголог, педиатр, невропатолог, кардиолог, эндокринолог, аллерголог, бет-жақ хирургы, нейрохирург мамандары жүргізеді.

Дәрігерлер балаларды сағат 9:00-ден бастап қабылдайды.