«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Астананың саябақтары келушілер үшін есіктерін айқара ашты. Осы жылы жазғы маусымда саябақтарда астаналықтар үшін көптеген тосын сыйлар жасалады. Елорданың тұрғындары мен қонақтарын жаңа аттракциондар, қызықты шоу және «Мадагаскар» кейіпкерлерімен дискотека күтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты Мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Айта кетейік, соңғы бірнеше жылда қалалық саябақтар едәуір жаңарып, бүгінде олар баршаның сүйікті демалыс орнына айналып отыр. Мәселен, былтыр «Американские горки» аттракционына мінген жандар көп болды, мұндай аттракцион Астаналық саябақта соңғы 10 жылда болмаған. Биыл жазда «Бумеранг» секілді экстремалды жаңа аттракцион іске қосылады. Ол «Американскими горки» аттракционының жанында орналасқан.

Аттракцион отырғызу модулі осьтің бойымен айналатын ұдайы қозғалыста болатын тілшеден тұрады. Ал осьті өшіріп қойса, оған балалармен де мінуге болады. Астаналық саябақта орналасқан аталмыш аттракцион бәріне де арналған. Жалпы, Астаналық саябаққа келушілер үшін кез келген талғамға сай 20-ға жуық аттракцион ұсынылады. 

Өткен жылы Астананың саябақтарында «Саябақтың 7 ғажайыбы» атты ойын-сауық жобасы іске қосылған болатын. Жоба көрермендердің көңілінен шықты. Танымал мультфильмдердің сүйікті кейіпкерлері биыл да келушілерге қуаныш сыйлайтын болады.

Астананың кішкентай тұрғындары мен қонақтарының назарына аниматорлардың және жаңа кейіпкерлердің қатысуымен жаңа шоу ұсынылады.  Артистердің 5 тобы 5 саябақты аралайды және күніне 2 қойылымнан көрсетеді. Осы жазда 1000-ға жуық концерт ұйымдастырылмақ.

 Сонымен қатар, биыл «Саябақтың 7 ғажайыбы» жобасы қала тұрғындары мен қонақтарын тағы да бір таң қалдырмақ. Саябақтарда «Мадагаскар» мультфильмінің кейіпкерлерімен мультмобиль жүреді. Ол адамдар көп жиналған орындарда тоқтап, көңілді дискотекалар өткізеді. Балаларға арналған анимациялық шоулардың апталық кестесі  Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасының Инстаграмдағы @madeniet_sport.astana аккаунтында жарияланады.

 

Айта кетейік, өткен жылы Астананың Орталық саябағы Сочиде «Хрустальное колесо» байқауына қатысып, ТМД мемлекеттерінің ішінде 2017 жылдың үздік саябағы атанған болатын.ф