«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Астана білім басқармасының бастамасымен белсенді ата-аналар бірлесіп, сәуір айының басынан қаладағы барлық мектептің қауіпсіздігі мен тамақтандыру сапасына мониторинг жүргізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозиннің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында, мониторингтің қорытындысы бойынша 84 мекеменің ішінде 62 мектеп ескерту алмаған. 14 мектепке әртүрлі ескертпелер берілген, оның ішінде асхана тазалығын сақтау, өрт шығатын жерлердің қоқыстанып кетуі, жұмыс істемей тұрған ауыз су фонтандары бар, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«8 мектепте қатаң ереже бұзылғанын анықтадық, олар: өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмағандығы, асхана мен азық-түлік блогының санитарлық аухалының қанағаттандырылмауы, ас әзірлеуде дайын өнімдердің технологиялық картаға сәйкес болмауы, салмағы жеткіліксіз тағамдар, асхана қызметкерлерінің өндірістік гигиенаны сақтамауы, азық-түліктің дұрыс сақталмауы». – деді Ә. Жанғозин.

Оның айтуынша, тексерістің қорытындысы бойынша 8 мектептің директорына қатаң сөгіс тәртібі беріледі. Барлық мектепке қысқа мерзім ішінде орын алған кемшіліктерді түзетуге тапсырма берді. Айтылған ескертпелерді жоюды ТЖ департаменті де бақылауында ұстап отыр.

Бұдан басқа, жаңа оқу жылы барысында сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру мониторингін өткізу үшін, құрамына бракеражды мектеп комиссиясы да кіретін ата-аналарға арналған оқыту семинары жоспарлануда. 

Ата-аналардан құралған бастамашыл топтың жұмысы мектепке дейінгі ұйымдарға да мониторинг жасау үшін жалғасатын болады.

серiктестер

ВАЛЮТА БАҒАМЫ

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР