«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

«Біз – таза елорданы қолдаймыз!» жалпықалалық сенбілігіне 100 000 астам адам, 5000 астам кәсіпорын мен ұйымдар, 49 жоғары және орта арнаулы оқу орны, 184 мектепке дейінгі және жалпы білім беретін оқу орны, 73 денсаулық сақтау мекемесі, 152 мемлекеттік мекеме, ведомство және ұлттық компания қатысады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар, 560 бірегей техника жұмылдырылмақ. Сенбілікке қатысушылар қажетті құрал-жабдықтармен (күрек, тырмалауыш, қоқыс салатын қапшық) қамтамасыз етіледі.

Сенбілікте мына жұмыстарға басымдық беріледі:

− жаппай ағаш отырғызу;

– бей-берекет төгілген қалдықтар мен ластанып кеткен аймақтарды жою шараларына қатысу;

− экологиялық акцияны өткізу.

Аудан әкімдіктері құлақтандыру ісін жүргізеді және өздеріне бекітілген іргелес аумақтағы қажетті жұмыстардың түрін көрсететін хабарламаны таратумен айналысады. 

ПИК төрағалары тұрғындарды маңайдағы үйлердің территориясына санитарлық тазарту жұмыстарын жүргізуге, көшет отырғызу, шағын архитектуралық ретке келтіру жұмыстарын ұйымдастырады. 

Жалпықалалық сенбілік кезінде 7 848 ағаш пен 2 790-нан астам жас тал-бұта отырғызу жоспарланды:

- Алматы ауданы бойынша 1 208 ағаш, Есіл өзені жағасындағы саябақтың аумағына – 600 дана, ЕҰУ маңайына - 108 дана, Мичурино, Промышленный, Интернациональный,Железнододорожный поселкелеріне – 500 дана;

- Байқоңыр ауданы бойынша 400 ағашты Пушкин-Кенесары көшесіндегі гүлзар аумағына отырғызады;

- Есіл ауданы бойынша 6090 ағаш Орынбор к. (Жасыл кварталдан Ш. Айтматов к. дейін) – 2 621 дана, Е16 көшесі бойына – 719 дана ағаш және 2 790 бұтадан жасалған шарбақ отырғызылады, ал Әбіш Кекілбаев аллеясына – 250 дана, 2500 дана жалаңаш түпкөшетті таратады;

- Сарыарқа ауданы бойынша 150 ағаш Қосшығұлұлы көшесі мен Сарыбұлақ жылғасының жағасына, Сейфуллин, Кенесары көшелеріне отырғызылады.

 

 

 

Қала әкімдігі Астана қаласының барлық тұрғындарын 12 мамыр 2018 жылы «Біз – таза елорданы қолдаймыз!» ұранымен өтетін жалпықалалық сенбілікке қатысып, әрбір көше мен ауланың көркеюіне өз үлесіңізді қосуға шақырады.