«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Күн райының жылынуына байланысты құрғақ шөптердің жануы көптеп орын алады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Өкінішке қарай, адамдардың қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауы келеңсіз жағдайларға әкеліп соғады. Өрттің шығуына алауларды өшірмеу, саяжай учаскелерінде қоқыстарды жағу себеп болады. Тек осы жылдың сәуір айының өзінде өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері қураған шөптің және қамыстың жануына байланысты 30 рет шығуды жүзеге асырды, жанудың жалпы аумағы 19,085 шаршы метрді құрады. Көп жағдайда мұндай өрт адамдардың жанғыш заттарға, сөндірілмеген темекіге, сіріңкеге салғырт қарауынан тұтанады.

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді:

Өрт қауіпсіздігі ережелеріне немқұрайлы қарай отырып, Сіз жақындарыңыз бен мүлкіңізді қауіп-қатерге тігесіз.

Тұрғын үй аулаларында тұрмыстық қалдықтардың жиналуына жол бермеңіз.

Ауланы уақытында қажет емес заттардан тазартып, қоқыстарды шығарып тастаңыз.

Ағаш шарбақтардың бойына тезек жинамаңыздар, себебі олар өздігімен жану қасиетіне ие.

Ашық отты қолданғанда абай болыңыздар. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар.